Өскеменде ХҚКО-лар Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді
Өскемен ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды.
Таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын тарту етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.
– Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжат пен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз, – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, жыл басынан бері қала бойынша 25 мыңға жуық ең алғашқы жеке куәлік табысталған. Қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.
Оқи отырыңыз