KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер 2024 жылы ҰБТ-ны қалай тапсырады?

фото: opennews.kz

11.01.2024, 18:09 254 Оразай Жеңісұлы

Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-2024 форматы өзгеріссіз қалады. Мұндай түлектер тестілеу кезінде екі пәнді ғана тапсырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

"ҰБТ-2024 сіздер үшін өзгеріссіз қалғанын хабарлауға қуаныштымын. Сіз тек екі пәннен тест тапсырасыз: «Қазақстан тарихы» (20 тапсырма, шекті балл – 5) және «Оқу сауаттылығы» (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырманы орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтиханның өзі жоғары оқу орындарында өтеді", – деді Саясат Нұрбек. 

Бұл шешім өтініш берушілердің өз тілектері мен сарапшылардың пікірлеріне негізделген. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру және үздік нәтижемен гранттар байқауына қатысу мүмкіндігін ресми түрде белгілегенін еске салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Бақыт 28 ақпан 2024 00:26
0

Егер шекті балл 30 болса сонда универден грантқа 59 балл келің қылса ол қалай сонда соны түсінбедім

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив