KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да пара алған лаузымды тұлға ұсталды

5.09.2020, 07:30 131

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің және бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеу бойынша жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК-ның лауазымды тұлғасын ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында жүйелі негізде бірқатар кәсіпкерлерден (шағын және орта бизнес субъектілерінен) шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және олар бойынша ақшалай қаражат аударғаны үшін жалпы сомасы 4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған.

2020 жылғы 28 тамызда аталған тұлғаға қатысты Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу