KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Қазақстанда туроператорларға қойылатын талаптар кеңейтілді

30.01.2024, 17:36 99

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 18 қаңтардағы бұйрығымен туристік оператор қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

 

Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

 

Қалыптасқан туристік өнім;

 

Растайтын құжат - қалыптасқан туристік өнімге кіретін жеке туристік қызметтерді көрсетуге үшінші тұлғалармен жасалған шарттар туралы ақпарат;

 

Туристік білімі және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар бір қызметкердің болуы;

 

Растайтын құжат - диплом, жасалған еңбек шарты және еңбек кітапшасы туралы мәлімет;

 

Меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі кеңсе үй-жайлары;

 

Растайтын құжат – меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттар туралы мәлімет;

 

Банкпен жасалған кепілдік шарты;

 

Растайтын құжат – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен жасалған банктік кепілдік шарты туралы мәлімет.

 

Сонымен қатар жарамдылық туралы ақпарат нысаны жаңартылды.

 

Бұл нысан облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ұсынылып, www.tsm.gov.kz және www.elisence.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Құжатты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер туристік оператор ретінде қызметін бастау туралы құжаттарды тапсырған кезде ұсынады.

 

Бұйрық 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу