Қазақстандағы "9-20-25" ипотекасы: жаңа мәлімет айтылды
Фото: dixinews.kz
"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жаңа "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы кейбір мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Altaynews.kz cайты.
ОКҚ брифингінде Ибрагимова "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы жұмыс істейтін жастарға бағытталғанын атап өтті.
"Бірақ бұл бағдарлама 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал қазір академиялық ғылым қызметкерлерімен пилоттық жоба ретінде бағдарламаны бастадық. Олардың ғылыми жетістіктері болуы керек және соңғы бес жыл ішінде баспана болмауы керек. Айтпақшы, "9-20-25"-те де осындай талап болады, бағдарламаға қатысуға үміткер адамда баспана болмауы керек (соңғы 5 жылда)", - деп түсіндірді ол.
Бұл ретте журналистер "9-20-25" бағдарламасында "7-20-25"-те кеткен қателер шынымен ескеріле ме деп сұрады.
"Біз қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы үлестік құрылыс нарығының әділ және ашық болуын қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосады деп есептейміз. "9-20-25" бағдарламасына тек қана дайын тұрғын үйлерді ғана емес, сонымен қатар ҚТК кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үйлерді де қамту керек деген ұсынысты қолдаймыз.
Тағы бір ұсыныс болды, қауымдастықпен талқыладық. Біз құрылысшылармен жиі кездесеміз және кейбір қосымша мәселелерді көреміз. Мысалы,