KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да ертең қар жауып, бұрқасын соғады

Фото: arbatmedia.kz

1.01.2024, 22:00 156 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

 

"Қазгидромет" ақпараты бойынша, 2 қаңтарда облыстың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Облыстың солтүстігінде қатты қар жауады деп болжап отыр синоптиктер. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Аймақтың батысында, солтүстігінде және орталығында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

 

Өскемен қаласында бұл күні таңертең және күндіз бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 17-22 м/с.

 

Осы ретте ШҚО ТЖД тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден алыстамауды сұрайды.

 

Жолдардың жай-күйі жайлы «Дәрмен» қосымшасы арқылы білуге болады.

 

Мұндай ақпаратты арнайы телефон номерлері арқылы да алуға болады: республикалық маңызы бар жолдар туралы – 26-28-08, облыстық маңызы бар жолдар туралы – 57-42-52.

 

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив