KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өрт сөндіруші қоян-қолтық ұрыста жүлдегер атанды

ШҚО ТЖД

4.02.2024, 15:00 200 Назерке Каримова

Мемлекеттік және саяси қайраткері Б. Сапарбаевты еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан ШҚО чемпионаты өтті.

Чемпионатта Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының 150 спортшысы жеңіс үшін күресіп, өз шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz сайт.

Солардың арасында Глубокое ауданы Алтайский кентінің 21-ӨСБ қарауыл бастығы Адиков Данияр да қатысып, 62 кг салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.

- Өрт сөндіруші Данияр Адиков бұл спорт түрімен 1995 жылдан бері айналысып келеді. 2020 жылдан бастап "Айбын" спорт клубының мүшесі болып табылады. Өрт сөндіруші Адиков  ММА номад бойынша спорт шеберіне үміткер, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Данияр қоян-қолтық ұрыс оған төзімділік пен күш бере отырып, төтенше жағдайларды еңсеруге көмектеседі деп сенеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив