KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

ТЖД қызметкері Астанада өткен қоян-қолтық ұрыс турнирінде жүлде алды —ШҚО

Фото: gov.kz

8.09.2023, 17:16 223

ШҚО ТЖД қызметкері Астана қаласында өткен қоян-қолтық ұрыс турнирінде жүлде алды.

Жүлдеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогы тігілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жарысқа 8 команда, барлығы 70 адам қатысты. Қатысушылар құқық қорғау органдарының атынан бақ сынады. Қатысушылар салмақ бойынша 8 топқа бөлінді.

Спортшылардың тактикасы мен шеберлігін бағалау үшін Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының мамандары шақырылған.

Жарыс нәтижесі бойынша жеке есепте ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №9 ӨСБ жүргізушісі Ерзат Сақабанов жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орын иеленді. ТЖД қызметкері 67 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив