KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
516.91 586.33 6.3

Катонқарағай ауданында қар көшкіні түсті

ШҚО ТЖД

11.02.2024, 16:00 198 Назерке Каримова

«Согорное-Барлык» автожолының 16-шақырымында өздігінен қар көшкіні жүрді.

Оған қардың мол жаууы мен желдің күшеюі себеп болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- 11 ақпанда сағат 14.30-да Катонқарағай ауданында, жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлык» автожолының 16-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1350 м3 болатын екі қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды, - деп хабарлады «Қазселденқорғау» ММ.


Зардап шекендер мен қираулар орын алған жоқ.

Көшкін жолды ішінара жауып тастады. Жергілікті атқарушы органдардың жол техникасымен тазалау жұмыстары жүргізілуде.

00:00
00:00
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу