ШҚО-да 4,5 мың бала спорт секцияларына тегін қатысады
сурет көрнекілік үшін алынды
Былтыр Шығыс Қазақстанда облыстық денешынықтыру және спорт, сондай-ақ, білім басқармаларының мұрындық болуымен балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша 245 тегін спорт бөлімі ашылған.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Қусумбаев хабарлады.
Ол, сонымен қатар, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 1 687 спорт нысаны жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
Белгілі болғандай, 2024 жылы мемлекеттік спорт тапсырысы аясында балаларды тегін спорт секцияларымен қамту мақсатына облыстық бюджеттен 963,4 миллион теңге мөлшерінде қаражат бөлініпті. Бұл ретте, бүгінде облысымыздағы 4,5 мың балақайдың спорт секцияларына тегін қатысатынын айта кеткен орынды.