KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

ШҚО-да ертең түнде 40 градус аяз болады

pixabay.com

17.02.2024, 19:30 160 Назерке Каримова

Облыста дауылды ескерту жарияланды.

Ертең облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

ШҚО ТЖД ескертеді:

- елді мекендерден шықпаңыз

-қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз

- егерде далаға шығу қажет болған жағдайда, жылы және қалың киініңіз.

- автобус күтіп далада ұзақ тұрмаңыз

- пешке жиі отын салып отыру керек,  бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын, шектен тыс қыздыру қауіпті

- тұрғын үйді қосымша электр жылытқыштарының көмегімен жылытатын болсаңыз, өрт қауіпсіздігін сақтаңыз

- ТЖ кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу