Уақыт белдеуін ауыстыру барысында ұялы сервис операторларының жұмысында ақау шығуы мүмкін
pexels.com
1 наурыздан бастап еліміз бірыңғай сағат белдеуіне көшеді.
Ұялы операторлар электрон гаджеттерде бұл автоматты түрде өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан тұрғындарына кей ұялы сервис операторларының жұмысында ақау болуы мүмкін екені ескертілді.
Activ/Kcell абоненттері де Қазақстанда 1 наурызға қараған түні сағаттың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін техникалық ақаулар туралы SMS-хабарламалар алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.