KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қазақстан былтыр 90 миллион тонна мұнай өндірді

Фото: Geo-politica.info

6.03.2024, 09:38 128 Оразай Жеңісұлы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылы елімізде қанша мұнай өндірілгенін айтты, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты.

"2023 жылы 90 миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 6,9%-ке жоғары (2022 ж.-84,2 миллион тонна). Қарашығанақта жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде өндіру сөресін қолдау жобалары аясында 5-ші (құны $970 миллион) және 6-шы компрессор (құны $734,6 миллион) салу жұмыстары басталды, тиісінше 2025 және 2028 жылдары аяқтау жоспарланып отыр", - деді энергетика министрі ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, мұнай экспорты да өсіп, 70,5 миллион тоннаны немесе 109,6% болды (2022 жылы — 64,3 миллион тонна).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив