KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Елімізде сұйытылған газ бағасы өседі

сурет: egemen.kz

6.03.2024, 10:55 121 Оразай Жеңісұлы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда сұйытылған мұнай газының қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл арада жоспарлы жұмыс туралы сөз болып отыр. Біз сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын өсіріп отыруды жоспарлаудамыз. Биыл баға шамалы өседі, өңірлердің айырмасына байланысты шамамен 5-8 теңге. Министрліктің көктемдегі жоспарында бұл өсім баға қамтылған», - деді Сәтқалиев.

5 наурызда Энергетика министрі 2023 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының тұтынысы 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%- а өсіп, 2,2 млн тоннаны құрағанын хабарлаған болатын.

 

                                                              Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив