Риддерде «Бүлдіршін полиглот - 2024» байқауы өтті
Риддерде Наурызнама онкүндігі аясында «Бүлдіршін полиглот - 2024» қалалық байқауы өтті.
Іс-шараны қалылық тілдерді оқыту орталығы мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Риддер қалалық филиалы ұйымдастырған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Байқаудың басты мақсаты – халық арасында мемлекеттік тілді үйретудің жаңаша тәсілін насихаттау.
- Үш кезеңнен тұратын «Бүлдіршін полиглот - 2024» байқауында 11 отбасы бақ сынады. Наурыз мейрамы - мейірімділіктің, бауырластық пен ынтымақтастықтың символы болып табылды. Қатысушылардың барлығына грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды, - дейді ұйымдастырушылар.
Фото: Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Оқи отырыңыз