Aliexpress тапсырыстарды енді зымыранмен жеткізбек
фото: media.halvacard.ru
Қытайдың Space Epoch ғарыш компаниясы мен Aliexpress бір сағат ішінде әлемнің кез келген бұрышына тауар жеткізе алатын зымыран жасауға кірісіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
Reuters агенттігінің мәліметінше, бүгінде жобаның алғашқы кезеңі жалғасып жатыр. Зымыран 120 текше метрлік контейнерде 10 тоннаға дейін жүкті тасымалдай алады деп болжанған.
Жоба Юаньсин-1 зымыраны негізінде әзірленбек. Былтыр ғарыш компаниясы бұл зымыранның қозғалтқышын сәтті сынақтан өткізген болатын.
Space Epoch басшылығы жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыру оңай болмайтынын атап өтті.