Самарда төрт үйдің ауласын су басты
Самар ауданында қардың қарқынды еруі нәтижесінде Көкжыра ауылындағы төрт үйдің ауласына су кірді.
Оқиға орнына шұғыл жеткен жергілікті атқарушы билік органдарының мамандары бірден апаттың салдарын жою жұмыстарын кірісіп кетті,деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі
Жергілікті әкімдіктен хабарлағандай, бұл жұмыстарға 20-ға жуық адам мен сегіз бірлік техника жұмылдырылған. Қазір қарғын суды бұру мақсатындағы инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Соңғы ақпарат бойынша, бір аула судан тазартылған, қалған үш ауладағы су деңгейі біршама төмендеді. Жиналған суды сыртқа шығару жұмыстары жалғасуда.
– Аудан бойынша жағдай қатаң бақылауға алынды, – деп хабарлайды дереккөзі.
Оқи отырыңыз