KZ
Өскемен
+27°
пасмурно жел 3 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Қарғын суды жедел штаб қадағалауда – ШҚО

2.04.2024, 18:14 80 Оразай Жеңісұлы

Төтенше жағдай бойынша облыстық штабтың мониторингтік тобы бір сәт кідірместен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар өзенден-көлдерде мұз «кептелісі» болмас үшін қауіпті деген аумақтарды әуеден бақылайды. Сондай-ақ тасқынның алдын алуға бағытталған шаралар шеңберінде мұз жару жұмыстары жүргізіледі.

Дегенмен мұз «кептелісі» кенет пайда болатын табиғи қауіп болып саналады. Сондықтан дер кезінде әрекет етіп, қауіптің алдын алу шараларын уақтылы жүргізу қажет.

Өңірде қар қалың болса да, су қоймаларының мұзы еріп, сең жүре бастады. Қарғын су елді мекендерге ешқандай қауіп төндірместен ағып жатыр.

Алайда облыстық жедел штаб аймақты үнемі жіті қадағалап отырады. Өйткені табиғаттың тосын мінезі кез келген уақытта жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Жүйелі түрде жүргізілген профилактикалық шаралары ғана қауіптің алдын алуға қауқарлы.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив