KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Риддер ЖЭО-да биыл да жөндеу жұмыстары жүргізіледі

сурет редакция архивінен

3.04.2024, 17:04 61 Оразай Жеңісұлы

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жұмыс сапары барысында Риддер ЖЭО-ның ахуалын қадағалады. Қазіргі уақытта нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы маусымда жылу орталығында ақау болмағанын айтуымыз керек. Өткен жылы ауқымды жөндеу жүргізілді. Мәселен, электр сымдары жаңартылып, қазандықтар, жылытқыштар, турбогенераторлар және теміржол жөнделді. Сол жолмен ЖЭО-ға қазір көмір  және мазут жеткізіледі. Сондай-ақ былтыр қала магистралінің 2,3 шақырымы жөнделіп, 4,6 шақырым жаңа жол салынған.

Жөндеуден кейін жылу электр орталығы кідірмей жұмыс істеді деуге болады. Өйткені биылғы маусымда ЖЭО жұмысында небары бес рет екінші дәрежелі ауытқу болған. Ал өткен маусымда 65 рет екінші дәрежелі, бес рет бірінші дәрежелі ауытқу болды.

Риддер ЖЭО-да биыл да жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив