KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Тасқынға байланысты пойыздар 3-4 сағат кешігуі мүмкін

"Жолаушылар тасымалы" АҚ

6.04.2024, 11:00 123 Назерке Каримова

Су тасқыны салдарынан теміржол желісінің кейбір учаскелерінде пойыздар қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ ақпаратына сүйеніп.

- Жылдамдық шектеу нәтижесінде Батыс-Солтүстік, Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттарында жол жүретін жолаушылар пойыздарының кешігуі шамамен 3-4 сағатқа созылуы мүмкін, - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. - Темір жолдың барлық бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Су жиналатын аймақтарды анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жер төсемінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық жүйелердің және өзге де объектілердің жай-күйін бақылау шаралары күшейтілді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер тудыратын учаскілерде суды бұру бойынша шұғыл шаралар қабылдануда.


Компания уақытша қолайсыздықтар үшін халықтан кешірім сұрап, қабылданған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жолаушылар қосымша ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив