KZ
Өскемен
-11°
небольшая облачность жел 1 м/с, СБ
497.89 525.12 5

Ахмерден понтон көпіріне дейінгі жол биыл жөнделеді

18.04.2019, 03:33 120

Өскемендегі Понтон көпірінен Ахмерге дейінгі аралықтың жолы биылдан қалмай жөнделетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тоғас көшесі деп аталатын ұзын жолдың жағдайы соңғы бірнеше жыл көлемінде тым нашалап кеткен. Өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталаған сияқты болып көрінгенмен, кейін саябырлап қалған.

Қала әкімі Жақсылық Омардың Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жазбасына сүйенсек, жолдың ені 4 қатарға дейін кеңейтіліп, жиегіне тротуар және велосипед жолағы қосылатын көрінеді және жарықтандырылады екен.

Әкімнің айтуынша, ұзындығы 2650 метрлік жолдың бойындағы 44700 шаршы метр аумаққа реконструкция  жүргізіледі. Жолдың бойы абаттандырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу