1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама басталады
фото: freepik
Отбасы банкі «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Отбасы банкі» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтың айтуынша, бағдарламаның шарттары келесідей болады:
- *әлеуметтік осал азаматтар үшін жылдық 7% мөлшерлеме;
- *қалған санаттағы азаматтар үшін жылдық 9% мөлшерлеме;
- *20% - бастапқы жарна;
- *19 жылға дейін – несиелеу мерзімі.
«Наурыз» бағдарламасы бойынша қолжетімді барлық жылжымайтын мүлік «Баспана маркет» порталында орналастырылады. Бірінші жылы 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз және одан әрі жыл сайын 8 мың қарыз беру үшін 200 млрд теңгеден беру жоспарлануда.
Жалпы, бағдарлама сегіз жылға созылады. Биыл жеткілікті ақша жинамаған немесе 18 жасқа толмаған адамдар болашақта бағдарламаны пайдалануға мүмкіндік алады.