KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының шарттары белгілі болды

Фото: klike.net

5.04.2024, 22:24 220 Ержан Әбіш

«Отбасы банк» өкілдері елімізде 1 мамырдан бастап іске қосылатын «Наурыз» ипотекалық бағдарламасының шарттарын жария етті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты BAQ.KZ порталына сілтеме жасап.
Сонымен жаңа «Наурыз» бағдарламасының шарттары төмендегідей:

- салымның ең төменгі сомасы 1 000 000 теңгеден кем емес;
- халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер және т.б.) үшін сыйақы мөлшерлемесі 7 пайызды, ал қалған салымшылар үшін жылдық 9 пайыз болады;
- бастапқы жарна сомасы – 20 пайыз;
- несие мерзімі – 19 жылға дейін;
- Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға рұқсат етілген. Басқа аймақтарда екінші нарықтағы баспанаға рұқсат етілген;
- соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлігі жоқ адамдардың ресми кірісі болуы керек.
- несиенің максималды сомасы әлі нақтыланған жоқ («Отау» бағдарламасынан жоғары болуы мүмкін);
- «Наурыз» бағдарламасында Отбасы банкте ашылған депозиттің мерзімі маңызды емес. Мысалы дәл қазір ашып та, бағдарламаға қатысуға болады.
Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалар, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде жинақтау талаптарынсыз тұрғын үй алу кезегінде тұрғандар, студенттер, бюджеттік сала қызметкерлері кімдер қатыса алады.
Бастысы бағдарламаға қатысушылардың және олардың жақындарының (мысалы әйелі, күйеуі, 18-ге толмаған балалары) атында жылжымайтын мүлік болмауы керек. Егер қатысушының атында жер учаскесі, гараж сияқты жылжымайтын мүлік болса, онда ол бағдарламаға қатысу мүмкіндігінен айырылады. Азаматтың атында соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлік болмауы керек.
Өтініштер Отбасы банкінің Baspana Market порталында қабылданады. Өтініштер қабалданғаннан кейін қатысушының ұпайлары есептеледі. Депозиттегі мемлекеттік сыйақы көлемі, балалар саны – барлығы ескеріледі.
Бағдарламаға өтініш қабылдау мамырда басталып, шамамен екі айға созылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив