1 мамырдан бастап әуежайларда тексеріс күшейтіледі
pixabay.com
Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Көлік министрлігі ақпараты бойынша, 2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізілуде.
- Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі. Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейтудің алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаумен байланысты, - делінген министрлік ақпаратында.
Алдын алу іс-шаралары заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі.
- Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін әуежайларға алдын ала келуі қажет, - деп ескертті министрліктің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз