Бес мыңнан астам адам әлі де эвакуациялық орындарда
ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша соңғы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Республика бойынша 54389 адам өз үйлеріне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде.
- 5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, - деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Су тасқыны кезеңінде жедел желі телефонына 2261 қоңырау түскен.
Оқи отырыңыз