50 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 18.00-дегі ақпаратты ұсынды.
Республика бойынша 51 506 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
- Республика бойынша 10 043 жеке тұрғын үй мен 3 242 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 17,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, - деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Оқи отырыңыз