Батырлардың құрметіне арналған жүгіріс өтеді
Фото: egemen.kz
26 мамыр күні Астана қаласында Жеңіс Батырларына арналған дәстүрлі 5 және 10 шақырымға жүгіріс өтеді.
Биыо жарыс Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен алғашқы кеңес жауынгерлерінің бірі Халық Қақарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жарысқа қатысушылар https://globalsport.kz/abyroirun сілтемесі бойынша тіркеуден өтуі керек.
Жарыс 26 мамыр күні сағат 07:30-да басталады. Марафонға қатысқысы келетіндерге 25 мамыр (сенбі) сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Сығанақ, 45 (Пекин Палас ғимараты, кіреберіс оң жақтан) мекенжайында старт топтамасы таратылады.
Сондай-ақ, әрбір адам Жеңіс батырларына құрмет көрсетіп, 2 шақырымды жүгіріп өте алады. Бұл қашықтыққа тіркелудің қажеті жоқ.