«Айбын» орденіне батырлардың есімі берілді
Фото: akorda.kz
Парламент Мәжілісі мемлекеттiк наградалар туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді қабылдады. Аталған жаңашылдықтар үшінші Ұлттық құрылтайдың шешімі негізінде қолға алынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, орденнің бірінші дәрежесіне Кеңес одағының батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне армия командирі, панфиловшы, Кеңес одағының батыры (бұл атақ қайтыс болғаннан кейін берілді) Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне Рейхстагқа жеңіс туын алғаш тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.