KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

1.06.2024, 21:39 116 Ынтымақ Толқын

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің көшпелі семинары өтті. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмысттарына «Атамекен» ҰКП, құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері де қатысып, Ұлан, Алтай, Үлкен Нарын және Самар аудандарында жиын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде Шығыс өңірінде туризм саласы қарыштап дамып келеді. Бұқтырма жағалауында, Сібе, Дұбығалы және Тайынты көлдерінің бойында үш жүзден астам демалыс орны бар. Сонымен қатар, туристік сала шағын және орта бизнес нысандарының да жұмысын жандандырып тұр. Көшпелі семинар барысында осы саладағы кәсіпкерлерге салық кодексіндегі өзгерістер баяндалып, жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңдері талқыланып, өзекті сұрақтарға жауап берілді.

– Көшпелі семинардың негізгі мақсаты тұрғындардың салық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, туризм объектілеріне салық салу тәртібін түсіндіру. Бұл өзекті мәселе. Бүгінде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Осыған байланысты кәсіпкерлер уақытлы декларациядан өтуге тиіс. Межелі уақыт – 15 қыркүйек. Бірақ сол күннің таяғанын күтіп жүрмей ерте бастан қамданған жөн. Бірінші рет декларация тапсыратын болсаңыз, 250 формасы бойынша, одан кейін жыл сайын 270 формасын тапырасыз, – деп түсіндірді ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова.

Маманның айтуынша, жалпыға бірдей декларацияны тапсыру тәртібі жеңілдетілген. Заман ағымына сай барлығын электронды түрде  eSalyq Azamat қосымшасы арқылы, сондай-ақ, Халық банк және Каспи банктерінің қосымшасы арқылы тапсыруға мүмкіндік қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу