Қазақстанда егіс науқаны ресми түрде аяқталды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен
Бүгінгі таңда 23,8 млн гектар алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары мәресіне жетті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараты бойынша, 16,6 млн га алқапқа дәнді дақылдар, 3,0 млн га жерге майлы дақылдар, 3,4 млн га жерге мал азықтық дақылдар егілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, 142,5 мың гектар алқапқа көкөніс дақылдары, 166,8 мың гектар алқапқа картоп егілген.
Естеріңізге сала кетейік, егіс науқанына дайындық барысында қажетті 2,4 млн тонна тұқым көлемі дайындалды. Ағымдағы жылы тыңайтқыш енгізу көлемін ұлғайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде шаруалар 2023 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда тыңайтқышты 2,1 есе көп.
Жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 2024 жылы 580 млрд теңгені құрады, оның 400 млрд теңгесі қарыз қаражаты есебінен.