KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан қай жеңіл атлеттер барады?

instagram/altayathletics

7.07.2024, 21:00 119 Назерке Каримова

Париждегі 2024 Олимпиадаға қатысушылар тізімдер шықты.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың толық тізімін шығарды. Әлемдік рейтингтің қорытындысына сәйкес, еліміздің атынан 7 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ел назарын тігетін биылғы басты спорт сайыстары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Додаға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Олар спорттың 32 түрінен 300-ден аса медальды сарапқа салады.

Сайысқа Қазақстанның атынан қатысатын жеңіл атлеттер тізімі:

1) Жанна Мамажанова (марафон)

2) Нора Джеруто (3000м кедергілермен)

3) Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)

4) Давид Ефремов (кедергілермен 110м)

5) Ольга Сафронова (200м)

6) Дэйзи Джепкемей (3000м кедергілермен, 10км)

7) Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)

Айта кетсек, осы барлық спортшылар спорттық кәсіби клубтың құрамына кіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив