KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СШ
515.03 584.82 6.24

Қазақстандық фильм Швейцария кинофестиваліне қатысады

t.me/madenietaqparat

13.07.2024, 18:00 252 Назерке Каримова

"Joqtau" фильмі әлемдегі беделді кинофестивальдердің бірі Locarno Film Festival байқау бағдарламасына енді.

Бұл фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– "Joqtau" - қазақстандық режиссер Аруан Анартайдың дебюттік фильмі. Фильмдегі басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исбек Әбілмәжінов, көрерменге "Қаш", "Патриоттар уақыты", "Сақтаушы" картиналары арқылы танылған, атышулы "Дәстүр" фильмінде ойнаған Ермек Шынболатов, сондай-ақ "Joqtau" фильмі – мансабындағы алғашқы жоба болған актриса Ирина Балкова сомдайды, – деп мәлімдеді министрлік.


Роуд-муви жанрындағы фильмде қазақ даласы мен оның түкпіріне сапарға шыққандар туралы баяндалады. Кейіпкерлер түрлі оқиғаларды бастан кешіріп, олардың ұстанымдары мен сенімі сыналады.

Швейцария кинофестивалі – ең беделді фестивальдердің бірі және әлемдік киноиндустриядағы ықпалы зор бестіктің қатарында.

Локарнодағы 77-ші кинофестиваль 2024 жылдың 7-17 тамызы аралығында өтеді. Байқауға түскен әр фильм бес ретке дейін фестивальдің 10 алаңында көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу