KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

«Джокер», «Паразиты», «1917». Жылдың үздік фильмі қандай?

3.02.2020, 05:21 150

Ұлыбританияның кино және телеөнер академиясы (BAFTA) 2019 жылдың үздік фильмі мен актерлерін атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Ағылшындық кино академиясы режиссер Сэм Мендостың «1917» драмалық картинасын әлемдегі үздік фильм деп атап, марапаттау рәсімінде жеті номинация бойынша жеңімпаз деп таныды. Негізі аталмыш әскери драма тоғыз номинация бойынша ұсынылған екен. Соның жетеуінде жеңіске жетіп отыр: сапалы дыбыс, визуал әсері, оператор жұмысы, қоюшы-суретшінің шеберлігі және режиссер. Сондай-ақ ол «Үздік ұлыбританиялық фильм» атағына лайық болды.  

Ал «Үздік актер» номинациясына «Джокер» фильмінің басты рөлінде ойнаған Хоакин Феникс ие болды. Екінші пландағы үздік актер – Брэд Питт («Однажды в… Голливуде»). Екінші пландағы үздік актриса – Лора Дерн («Брачная история»). Ағылшын тілінде түсірілген үздік фильм номинациясын оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хоның «Паразиты» картинасы жеңіп алды. Сондай-ақ, ол «Үздік сценарий» номинациясына да лайық деп танылды. Үздік толықметраж мультфильм – «Клаус».

Айта кетейікғ, Ұлыбританиялық BAFTA кинотелеакадемиясының сыйлығы 1948 жылдан бастап Лондонда беріліп келеді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу