Ауылдың жолдары мен көшелеріне 22,3 млрд. теңге жұмсалуда
Фото: gov.kz
"Жол жылы" деп жарияланған биылғы 2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеу көлемі екі есеге ұлғайтылып, жол жөндеу, салу жұмыстарын қаржыландыру көлемі 31,5 млрд. теңгеге (2023 ж. – 20,4 млрд. теңге) дейін жетіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Соның ішінде ағымдағы жылы облыстағы жолдар мен көпірлерді салуға және қайта жаңартуға – 3 млрд.теңге бөлініп отыр (РБ – 2,3 млрд. теңге, ОБ – 0,7 ).
Биыл Өскемен қаласындағы Сәтпаев пен Жібек Жолы даңғылдарының қиылысындағы көлік айрығының, Пермитин мен Славский көшелерінің қиылысының құрылысы жалғастырылды. Алматы тас жолына шығатын Жібек Жолы және Базовая көшелерін қайта жаңарту аяқталады.
Жол жылында өңірдегі елді мекендердің жолдары мен көшелерін орташа жөндеуге 22,3 млрд. теңге бөлінді (РБ – 7,7 млрд. теңге, ҰҚ – 2,4 млрд. теңге, ОБ – 7,3 млрд. теңге, ЖБ – 4,9 млрд. теңге), оның ішінде:
600 км жолдар мен көшелерді орташа жөндеу бойынша 110 жобаны іске асыру жоспарлануда: оның 11 -і – өтпелі (11%), 99- ы - жаңа жоба.