KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
480.55 533.75 5.36

Қазақстандық дзюдошылар командасы бразилиялықтардан ұтылды

instagram/kaz_judoteam

3.08.2024, 15:00 84 Назерке Каримова

Париж Олимпиадасындағы дзюдодан аралас командалық сайыста еліміздің командасы Бразилияның спортшыларымен кездесті.

2-4 есебімен қазақстандықтар бразилиялықтарға есе жіберіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осылайша, қарсылас ширек финалға жолдама алса, қазақстандық дзюдошылар үшін жарыс жолы аяқталды.

Татамиде ел намысын Абиба Абужақынова (жеңілді), Данияр Шамшаев (жеңді), Эсмигүл Куюлова (жеңілді), Абылайхан Жұбаназар (жеңді), Камила Берліқаш (жеңілді), Нұрлыхан Шархан (жеңілді).

Айта кетейік, Қазақстан командасы әлем рейтингінде 12-ші, Бразилия 5-орында тұр.

Осымен Парижде біз үшін дзюдодан бәсеке аяқталды. Бұл біздің татами шеберлері үшін ең табысты Олимпиада болды. Елдос Сметов (60 кг) алғаш рет елімізге алтынды алып келді. Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) алғашқы Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеді. Команда көшбасшысының бірі Абиба Абужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта қарсыласына есе жіберді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив