Қазақстанға аяқ киім кремінің ыдысына салып есірткі өткізбек болған
Мемлекеттік шекара арқылы есірткінің рекордтық партиясын алып өту фактісі тіркелді.
ҰҚК Шекара қызметі есірткі контрабандасының ірі партиясының жолын кесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Осы жылғы 31 мамырда Түркістан облысындағы Б. Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. - Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 кг құрады.
Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан асуы мүмкін.
Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Оқи отырыңыз