KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Жалған ақпарат: барлығына 140 мың теңгеден төлем беріліп жатыр

pexels.com

10.08.2024, 10:00 100 Назерке Каримова

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әр қазақстандыққа 140 мың теңгеден арнайы әлеуметтік төлем берілетіндігі туралы хабар тарады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабар таратушылар белгісіз сілтемеге өтуді ұсынады.

- Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Бұл хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтардың айласына түспеу үшін сілтемеге өтпеуді сұраймыз, - деп ескертті министрліктегілер.


Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Осы орайда министрлік азаматтардан тек ресми дерек көздердегі ақпаратты пайдалануды және жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив