Әлемдегі ең үлкен киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енді
Өзбекстан Республикасы Туризм комитеті
Қарақалпақстандағы ең үлкен киіз үйдің диаметрі 40,5 метр, биіктігі 22 метрді құрайды.
Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласындағы «Оқ куш» кешенінде салынған киіз үй қозғалмайтын киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM ақпаратына сүйеніп.
22 тамызда Қарақалпақстан Жоқарғы Кеңесінің төрағасы Аманбай Орынбаев, Қарақалпақстан Президентінің Арал өңірін тұрақты дамыту жөніндегі кеңесшісі Тұрсынхан Худайбергеновтің қатысуымен Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінің сертификат табыстау рәсімі өтті.
20 тамызда осы киіз үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен кәсіпкерлердің жыл сайынғы диалогы өтті. Мұнда түрлі мәдени шаралар мен форумдар өткізу жоспарланған.