KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Семейде психикалық емдеу мекемесінің директоры науқастарды жұмысқа жеккен

pexels.com

31.08.2024, 21:00 94 Назерке Каримова

№1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директоры мекеме қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан төрт науқасты шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына жеккен, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-ның 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.

- Мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына науқастарды пайдаланып, үй-жайды тазалауға, тамақ дайындауға мәжбүрлеп, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған (сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде), - деп хабарлады Абай облысының прокуратурасы.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша, уәкілетті органдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив