Зайсандағы жаңа әуежай 2025 жылдың аяғына дейін салынып бітеді
фото: depositphotos.com
Зайсан ауданына салынатын жаңа әуежай Сәтпай елді мекеніндегі бұрыңғы әскери әуежай орналасқан 250 гектар көлеміндегі аумаққа салынады. Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсалімқызының айтқанындай, жаңа әуежай келер жылдың аяғына дейін салынып бітірілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы Жолдауында айтылған Зайсан ауданында туризмді дамыту, жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аудан халқын үлкен қуанышқа бөлеп отыр.
- Бұл сөз жоқ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді. Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Зайсан қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан Сәтпай елді мекенінде әуежайді салу бойынша жоспарлау құжаттарын әзірлеу басталды. Болашақта бұл жерде тек қана жаңа әуежай емес, жаңа инфроқұрылым, жолдар, қоймалар пайда болады. Әуежайды 2025 жылдың аяғына дейін салып бітіреміз деп отырмыз, - деді Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсалімқызы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оқи отырыңыз