KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1,9 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Алтын түстес жұмырқұртты қалай анықтайды?

4.05.2019, 10:16 92

– Мамыр айында картоп отырғызу басталады. Соған байланысты, қай кезден бастап негізгі зиянкестердің бірі болып табылатын картоптың алтын түстес жұмырқұртын анықтауға болады? Ауруға шалдыққан картоп өскінін қалай анықтайды?


Мақан Оразхан
Ұлан ауданы.

Сауалға Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлім басшысы Гүлмира Мұратова жауап береді:

– Алдымен оның биологиясына тоқталып өтсек, даму цисталары топырақта сақталатын болғандықтан, зиянкестің дамуы картоптың тамырында жүреді. Көктемде ыңғайлы жағдай туған кезде жұлдыз құрттары цисталардан жаппай шығады да, ұяшық ішіндегі сұйықпен тамақтанып, үш даму кезеңін өткізіп барып, ересек құрттарға айналады. Жаздың аяғында жұмыртқалар овал түрінде қатып, цистаға айналып, қоңыр түске енеді. Вегетациялық даму кезеңінің аяқталуына қарай тамырлардан цисталар топыраққа түседі де, ол 10-15 жылға дейін сақталуы мүмкін.
Картоп өнімі жер бетіне шыққанда залалданған картоптың алғашқы белгілері: ол өсімдіктің сабағы нәзік болуы, төменгі жапырақтары сарғайып, даму бойынша артта қалуы. Жер астындағы картоптың орнына ұсақ тамырлар немесе 1-2 ұсақ картоп қалыптасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив