KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

Қажымұқан палуан жайлы жаңа фильм көрерменге жол тартпақ

t.me/madenietaqparat

Бүгін, 16:00 0 Назерке Каримова

Фильм режиссері Қанағат Мұстафин бұл тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Qajymuqan» фильмі көрсетілімін бастайтынын мәлімдеді.

– Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген. Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм алдағы айда көрерменге жол тартады, – делінген ақпаратта. – Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.


Қажымұқан Мұңайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Режиссердің айтуынша, Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы.

Фильмнің мақсаты – Қажымұқанның өмірімен өскелең ұрпақты таныстыру, оның жетістіктерін ұлықтау және үлгі алу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив