Гаражға есірткі жасырған Өскемен тұрғыны ұсталды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде гаражға есірткі сақтаған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Тінту кезінде 46 жастағы тұрғынның гаражында (Серікбаев көшесі) тұрған ағаш үйшіктің ішінен жасыл түсті, өсімдік тектес зат салынған екі түйіншек табылды. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екенін көрсетті. Салмағы – 36,97 грамм. Күдікті есірткілік затты сатпақ болған», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс аумағында «Карасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.
Оқи отырыңыз