KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік әмиян арқылы ала бастады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен

Бүгін, 14:00 0 Назерке Каримова

"Әлеуметтік әмиян" арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық түрде беру жөніндегі пилоттық жобаға ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады, 93 мың рецепт негізінде препараттар берілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек, жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша кеңейтілетін болады.

"Әлеуметтік әмиян" қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.

- Азамат дәрілік заттарды алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе тіркеу бұрын жүргізілген болса, сәйкестендіруден өтуі тиіс. Әрі қарай, азамат басты бетте "Әлеуметтік әмиян"бөліміне кіріп, "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" жолын таңдайды, - делінген министрлік ақпаратында. - Егде жастағы тұрғындар немесе "Әлеуметтік әмиян" мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін пациенттің қолына тиісті дәрілік заттар беріледі.


"Әлеуметтік әмиянды" пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив