Оқушылар жеңілдікпен тамақтанып, тегін дәрі-дәрмек алады

Фото: new-etymology.livejournal.com
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Жоба қазақстандықтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылуда.
«Әлеуметтік әмиянды» әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті.
Бұдан басқа, «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына ӘМАТ тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен ЖЖМ бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталып жатыр.