Әлемде жылына 15 млн бала шала туады
pexels
17 қарашада бүкіл әлемде 2009 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерге күтім жасау қоры (EFCNI) құрған шала туған нәрестелер күні атап өтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күннің мақсаты - қоғамның назарын репродуктивтік денсаулықты нығайту қажеттілігіне аудару, медицина қызметкерлері мен шала туған балалары бар отбасылардың алдында тұрған мәселелерді шешуге көмектесу.
Әлемде жыл сайын 15 миллион нәресте шала туады, бұл барлық жаңа туған нәрестелердің шамамен 10%-ын құрайды. Қазақстанда жыл сайын 20-22 мың бала мерзімінен бұрын туады, бұл барлық туған сәбилердің шамамен 5%-ын құрайды. Жүктілігі 36 аптадан аз және дене салмағы 2500 грамнан кем туған бұл балалар ерекше назар мен күтім жасауды қажет етеді.
Қазақстанда қазіргі заманғы тиімді перинаталдық технологиялар дене салмағы 500 грамнан және салмағы 1000 грамнан төмен жаңа туған нәрестелерге сәтті күтім жасауға мүмкіндік береді.
Елімізде заманауи жабдықтармен жабдықталған жоғары мамандандырылған кешенді көмек көрсету үшін 39 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Мемлекет басшысы тапсырмасының шеңберінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 12 жаңа перинаталдық орталық салу жоспарлануда.