KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

Босанғандарға берілетін өтемақы 60%-ға өсті

pexels.com

29.06.2024, 22:00 143 Назерке Каримова

Қазақстанда босандыруға және жаңа туған нәрестелерге күтім жасауға байланысты медициналық қызметтерді қаржыландыру ұлғайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Министрлік перзентханаларда медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында босандыру және неонатология саласында қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді қайта қарады.

- 1 маусымнан бастап кесарь тілігін қоса алғанда, күрделі босануға арналған тарифтер 60%-ға, ал жаңа туған нәрестелерге күтім жасау - 35%-ға ұлғайды. Бұл медициналық қызметтердің тізбесі мен сапасын кеңейтуге және білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. - Соңғы жылдары тарифтер медициналық ұйымдардың босанатын әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім жасауға байланысты шығыстарын өтемеді. Босандырумен айналысатын медициналық ұйымдарды жеткіліксіз қаржыландыру олардың соңғы бірнеше жылдың ішінде қалыптасқан кредиторлық берешегінің негізгі себептерінің біріне айналды.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив