Өскемен: 24-ші ауданда екі күн қатарынан "жарылыс" болады
Облыс орталығының 24-ші шағын ауданында құрылысқа байланысты екі күн қатарынан жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«26 және 27 тамыз күндері сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін қаланың бас жоспарына және 24-ші тұрғын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жоспарына сәйкес, кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілерін тарту үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі», - деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Оқи отырыңыз