ШҚО әкімі Аягөз балалар орталығының қызметкерлеріне алғыс айтты
Биыл Аягөздегі балалар орталығында туындаған мәселелерді шешуге 140 миллион теңге бөлінді. Келесі жылы аталмыш денсаулық сақтау нысанын кеңейту көзделіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен брифингі барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта балалар орталығында қалыпты жұмыс істеуге қажетті дүниенің барлығы бар.
– Мен Аягөз балалар орталығының қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Олар ерінбей еңбек етті. Әртүрлі тараптан тағылған айыптауларды адал еңбекпен жоққа шығара алды. Өз басым бұл мекемеге үш рет бардым. Қазір ешқандай түйіткіл жоқ екенін көзім жетті, – дейді Даниал Ахметов.