KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
515.97 537.8 5.25

Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингіде 58 саты жоғары көтерілді

Фото: Sports.kz

4.11.2024, 19:00 224 Төлеуғазы Жансая

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жария еткен әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны анықталды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 5-орнында қалса, Юлия Путинцева 28-ден 29-ға сырғыды.

Жібек Құламбаева 322-ден 324-ке, Сандуғаш Кенжебаева 866-дан 896-ға төмендесе, Зарина Дияс 388-ден 381-ге шықты.

Жаңартылған рейтингіде ерекше көтерілген 19 жастағы Аружан Сағындықова болды. Өткен аптада Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің ширек финалына дейін жеткен А.Сағындықова 1040-тан 982-ге (+58) жоғарылап, ТОП-1000-ға кірді. 

Сондай-ақ тағы бір жас теннисші Соня Жиенбаева 660-тан 639-ға (+21) көтерілді.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 22-орында келеді.

Бүгін Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде екінші ойынында әлемнің 7-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік таластырады. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 17.30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу